Басып шығару нұсқасы
25.11.2016, 21:48

Жүз жасаған егіз әжелер ұзақ өмір сүрудің сырын айтып берді

Британияның Вустершир графтығына қарасты Сторпорт-он-Северн қаласының тұрғындары өздерінің жүз жасқа  толған мерейтойын тойлап, ұзақ өмір сүрудің сырымен бөлісті, деп хабарлайды stan.kz.

Егіздер Ирен Крамп (Irene Crump) пен Филлис Джонс (Phyllis Jones) өмір бойы бірге болған.

Олар ұзақ жасауының сыры – еңбекке құштарлық пен дұрыс тамақтану екенін айтады.

Егіздер бір мектепке барып, бір жерде жұмыс істеп, бірге өмір сүрген. Оларға қазір 85 жастағы ұлы Карл қарап отыр.

Крамп пен Джонс Ұлыбританиядағы жүзжылдық мерейтойын атап өткен 6 егіздің бірі. Егіз әжелердің Дороти есімді әпкелері болған. Ол 92 жасында 2006 жылы көз жұмған.

Ұқсас сілтемелер