Басып шығару нұсқасы
31.10.2016, 19:16

Содырлар сақалдарын қырып, қаша бастады

ДАИШ террористік ұйымы содырлары сақалдарын қырып, Мосул қаласын тастап қаша бастады деп хабарлайды e-islam.kz.

Мосул қаласы тұрғындарының деректеріне сүйенген журналистердің мәліметтерінше, лаңкестер осылайша бейбіт халықтың арасына сіңіп, Ирак әскерінің көзіне түспей, қаладан шығып кетуді көздейді.

Еске сала кетсек, Ирак әскері 17 қазан күні халықаралық антитеррорлық коалиция және күрді әскерилерімен бірлесіп Мосул қаласын ДАИШ террористерінен азат ету операциясын бастады. Әскерилер қазіргі уақытта қала маңындағы бірнеше елдімекендерді азат етті. Ал Мосул қаласына алдағы апталарда кіруді жоспарлайды.