Басып шығару нұсқасы
26.10.2016, 12:16

Арал ауданында мектеп жанынан салынған жылыжай өнім бере бастады

Арал ауданында Аманөткел ауылындағы мектеп жанынан салынған жылыжай алғашқы өнімін бере бастады. Білім ордасы маңындағы бұл кешен осылайша жылдың кез келген мезгілінде халықты сапалы әрі арзан ауылшаруашылық өнімімен қамтамасыз ету мүмкін екеніне дәлел болып отыр, деп хабарлайды Silteme.kz.  

Мектеп ұжымы алғашқы дәнді-дақылдарды тамыз айында еккен екен. Нәтижесінде жылыжайда қазірдің өзінде қиярдың 3 сұрыпы шыға бастаған. Сонымен қатар, қызанақтың да пісетін уақыты жақындап келеді. Білім ордасының басшысы Айбек Әлімжанов мұндай жоба болашақ агрономдарды дайындауда мол септігін тигізетініне сенімді.

Арал ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше,, аумағы 200 шаршы метрден асатын кешенді болашақта тағы да үлкейту жоспарланып отыр. Қазір жылыжайда сынақ ретінде гүлдердің де бірнеше түрі өсіріле бастады.