Басып шығару нұсқасы
24.10.2016, 11:49

Шымкентте «Достық дастарханы» дәстүрлі палау фестивалі өтті

  1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Жанубий Қозоғистон» газетіне 25 жыл толуына орай, облыстық басылымның құрметті мерейтойында Шымкентте «Достық дастарханы» атты дәстүрлі палау фестивалі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
 

Редакция ұжымы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ұйымдастырған шараға өңірдің білікті аспаздары қатысып, палаудың 30 шақты түрін дайындап, шеберліктерін көрсетті.

Мерекелік шараға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов редакция ұжымын газеттің мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Айта кетеу керек, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Шаңырақ» шығармашылық байқауына қатысқан «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті жазып-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін арнайы жүлдемен марапатталды.