Таиландтағы қайғылы шараларға байланысты ҚР ИДМ қазақстандық туристерден құрмет белгісі ретінде сыпайы киінуді және ел алдында көңіл көтермеуді өтінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Таиландтағы қайғылы шараларға байланысты ҚР ИДМ қазақстандық туристерден құрмет белгісі ретінде сыпайы киінуді және ел алдында көңіл көтермеуді өтінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елде 1 жыл аза тұту жарияланды. Таиланд Премьер-министрі Прают Чан-Оча отандастарын алдағы 30 күнде кез келген ойын-сауық шараларынан аулақ болуға шақырды. Басылымдардың хабарлауынша, жеке туристік аймақтар мен кей дүкендер жабылған. Енді бір дүкендер ішімдік сатуды тоқтатты. Аза тұту кезінде Таиланд туристері мейрамханалар, бар, сауда орталықтары секілді ойын-сауық түрлеріне қатысты түрлі шектеулерге кез болуы мүмкін.