Басып шығару нұсқасы
29.09.2016, 13:40

Қаржы сауаттылығы тақырыбында БАҚ арасында байқау жарияланды

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ мен «Бірінші Кредиттік Бюро» ЖШС, «KazMediaIndustry» Қоғамдық қорымен бірлесе отырып ең үздік мақалаға байқау жариялайды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Байқау қаржы сауаттылығы мен несие жауапкершілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша аймақтық БАҚ (телеарна, баспа мен электрондық басылымдар, әлеуметтік медиа) журналистерінің арасында өтеді. Жоба халықтың қаржылық сауаттылығына қатысты сараптамалық, ақпараттық-ағартушылық және білім беру материалдарының саны мен сапасын жетілдіру арқылы арттыруға бағытталған.

Журналистердің таңдауына үш тақырып беріледі:

1. ҚР халқының қаржылық сауаттылығын арттыру: Клиент-Банк өзара қатынасы кезіндегі жауапты несиелендірумен байланысты сұрақтарды түсіндіру.

2. Азаматтардың жеке практикасындағы ситуацияларды қарастыруды қоса алғанда, өмірлік міндеттер мен мақсаттар контексінде несиелік тәуекелдіктер мен несиелік белсенділік.

3. Борышкердің жауапкершілігі мен кредиттік тарих қаржы төлқұжаты ретінде. Несиелік алаяқтық.

Конкурсқа 2016 жылғы 21 қыркүйек пен 2016 жылғы 20 қараша аралығында аймақтық БАҚ-да және әлеуметтік желіде қазақ, орыс тілдерінде жарияланған материалдарды ұсынуға болады.

Байқау туралы толық ақпарат мына сілтемеде.

Ұқсас сілтемелер