Басып шығару нұсқасы
30.08.2023, 17:26

Т.Мұқашев іссапармен Жетісу облысына келіп қайтты

ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев, Ғалиасқар Сарыбаев, Амангелді Толамисов , “Қазақстан мәслихаттарының депутаттары бірлестігі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келіп, барлық деңгейдегі депутаттармен кездесті.


Кездесу барысында өңірді дамыту мәселелері, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жоспары, Сенат пен мәслихаттардың өзара іс-қимылының келешегі талқыланды.


Жетісу өңірін өркендету үшін облыстық депутаттар тарапынан қойылған сауалдар мен ұсыныстарды тыңдаған Мәулен Әшімбаев «Өңірлердегі әріптестеріміздің тәжірибелері мен пікірлері аса маңызды. Сондықтан біз мәслихат депутаттарымен белсенді әрі тығыз жұмыс істеуді көздеп отырмыз», - деді.

 

Өте мәнді кездесу өтті.

Ұқсас сілтемелер