Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңызы
13.11.2019ж.

Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңызы

Гигиена грек сөзі - Gugieinos - емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Гигиена – аурудың алдын алуға және денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған шараларды белгілейді.

Жеке бастың гигиенасы - дене мен тұратын жерді тазалықта ұстау және деннің саулығына әкелетін іс-әрекет Организмнің жалпы жағдайы, денсаулық пен өмір ұзақтығы жеке бас гигиена ережелерін сақтауға байланысты болады.

Дене гигиенасының негізгі ережелері.

Тері —  ағзаның сенімді қорғанысы. Егер теріні ұзақ уақыт жумаса, оған шаңды ұстап тұратын май мен тер жиналып қалады. Микрооргонизмдер әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, тері қабынуы – дерматит туындауы, басқа да іріңдеген тері аурулары пайда болуы мүмкін. Күнделікті тері гигиенасы үшін қолданыатын шаралар: теріні тзалықта ұстау үшін денені, басты сабындап жуу жүйелі дағдыға айналуы қажет. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір алатын бет, қол, мойын қосымша күтімді қажет етеді. Әжетханға барғаннан кейін, қоғамдық көлікпен жүргеннен соң, жануарлармен контакттан кейін қолды міндетті түрде сабындап жуу қажет.

Шаш күтімі. Шаш қорғаныс рөлін атқарады.Оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойғанда дүрыс. Ол шашты қоректік затпен қамтамасыз етеді Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа ауру пайда болады. Шашты жылы суға жуып, белгілі бір шампуньді пайдаланындар. Ұзын шашта өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап отыру керек.Тарақты ыстық сумен сабындап жуып, оны таза ұстаған орынды.

Тырнақтың күтімі. Аяқ және қол саусақтарының тырнақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Бір аптада тырнақ 0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланады. Тіпті микроскопиялық саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз.

Тіс және ауыз қуысы гигиенасы. Сау тістердің физиологиялық, гигиеналық және эстетикалық маңызы бар. Тістерді және ауыз қуысын қалыпты жағдайда ұстау мақсатында каиес пен парадонт профилактикасы өткеріледі. Белгілі бір тәртіп бойынша тіс ысқышпен тіс тазарту қажет. Қызылиекке массаж жасау ұсынылады (қызылиек нығыздана түседі, қансырау тоқтатылады). Күніне тіс екі рет тазартылып тұрса, ысқышты орта есеппен алғанда төрт айда бір реет ауыстрып отыру керек.

Іш киім және киім жеке гигиенаның басты мәселелері. Носки және шұлықты күнде ауыстыру керек. Тұрғын және өндірістік орындарды тазалықта сақтау керек. Ұйқы алдында күндіз киген көйлекті пижамаға алмастыру керек.
Егер отбасыңызда біреу ауырып қалса бұл ережелерді міндетті түрде сақтау керек.

Қайнатылмаған суды ішпеңіз және қайнаған сумен жуылмаған жеміс-жидектерді жемеңіздер. Дайындаған тамақтарды тоңазытқышта екі тәуліктен артық сақтамаңыз. Үй жануарларын төсекке, диванға, креслоға, ас үйге жақындатпаңыз, олармен қатынас болса қолдарыңызды міндетті түрде сабынмен жуыңыз.

Әрбір адамның жеке қолдануында (өз ұстарасы, тіс щеткасы, сүлгісі, кір ысқышы, тарағы) және іш киімі болуы тиіс.

 Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер