Семіздіктің алдын алу
04.11.2019ж.

Семіздіктің алдын алу

Артық салмақ және семіздік деп денсаулыққа кері әсер ететін нормадан ауытқыған, артық май қоры жиналуын айтамыз.

Қазіргі кезеңдегі семіздік мәселесінің өзектілігі бұл аурудың таралуының күрт өсуімен және артық салмақтың түрлі аурулар қаупінің себебін құрауымен байланысты. Барша әлемде жеткіліксіз салмаққа қарағанда артық салмақ пен семіздік өлім-жітімге көбірек ұшыратады. Диабет ауруының – 44%, жүректің ишемиялық ауруының 23%, кейбір қатерлі ісік ауруларының 7-41% жағдайлары артық салмақ пен семіздік әсерінен туындаған.

Дене массасының индексі - семіздік пен  артық салмақты классификациялау үшін жиі қолданылатын, салмақтың бойға қатынасы. Индекс килограммен өлшенген дене салмағының метрмен өлшенген бойдың квадратына қатынасымен есептелінеді (кг/м2). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша:

  • дене массасының индексі 25 тен артық немесе тең болса – артық салмақ
  • дене массасының индексі 30 дан артық немесе тең болса – семіздік болып есептелінеді.

Көбінесе, семіздік үнемі артық тамақ ішкеннен болады. Бұл жерде қабылдайтын тағамның мөлшері мен калориясынан гөрі, адамның атқаратын жұмысына байланысты (ой еңбегі не дене еңбегі) тағамды организмнің қалай сіңіретіні үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ семіздікке дұрыс тамақтанбау, тәуліктік рационда сіңімді көмірсулар, қант, кондитерлік, тәтті тағамдар мен мал майларының (сары май, майлы ет) мөлшерден тыс көп болуы және организмнің тұқым қуалаушылық — дене бітімдік ерекшелігі де белгілі бір дәрежеде себеп болады. Маскүнемдік, ішімдіктерді үнемі ішу де семіздікке әкеледі, себебі олардың калориясы жоғары, ал оны ішкен кезде адамның тамаққа тәбеті ашылады. Кей жағдайда семіздік ішкі секреция органдарының ауруларымен де байланысты. Организмнің зат алмасуының бұзылуы және сүйек пен буынға салмақ түсуінің өсуі тірек-қимыл аппараттарында өзгерістер тудырады. Қатты семіру тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелерінде де өзгерістер туғызып, өкпе мен жүрек қызметін әлсіретеді.

Семiрудiң себептерi:

  • тұқым қуалаушылық;
  • эндокринды аурулар;
  • аз қимылдау және тамақ құрамындағы майдың шамадан тыс көп болуы;
  • мидың нақты бөлшегінiң жарақаттануы;
  • кейбiр психикалық ауытқулар.

Семіздіктің алдын алу:

  • салауатты өмір салтын ұстану;
  • спортпен шұғылдану;
  • көкөніс пен жемістерді көбірек жеу;
  • артық салмақ қосқаныңызды байқаған сәттен бастап, спорт және қауіпсіз диетаның көмегімен арықтауға тырысу керек.

 Семіру кезінде науқасқа өздігінен емделіп, белгісіз әсерлі дәрілерді ішуге болмайды. Бұл кезде дәрігер маманға қаралған дұрыс. Тек қана білікті маман семіздікті емдеудің дұрыс жолын таңдап, айтарлықтай нәтижеге жетуге көмектеседі

 Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер