Дұрыс тамақтану ережелері
20.11.2019ж.

Дұрыс тамақтану ережелері

Ас – адамның арқауы. Қаншалықты дұрыс  тамақтансақ, денсаулығымыз соншалықты мықты болмақ. Біз бүгін дұрыс тамақтанудың негізгі ерекшеліктеріне тоқталғымыз келеді:

  • Үйлесімге талпыныңыз. Тамақтану үйлестірілген болуы тиіс. Өзіңізді жақсы сезіну үшін, ағазыңызды ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, макро және микроэлементтер сынды нәрлі заттардың барлығымен қамтамасыз етуіңіз керек.
  • Тағам мөлшеріне мән беріңіз.
  • Күнделікті бір уақытта тамақтаныңыз. Ағзамыздың дұрыс жұмыс істеуіне көмектесіп, тұрақты дене температурасы мен бұлшық ет тонусын қолдау үшін күш-қуат керек. Ол килокалориймен өлшенеді. Дұрыс өмір сүру үшін адам тәулігіне 2 500 килокалорий тұтынуы тиіс. Сондықтан таңғы, түскі, кешкі астарыңыздың уақытын қадағалап, күнделікті бір уақытта ғана тамақ ішуге дағдыланған жөн.
  • Белсенді болыңыз. Белсенді жаттығулар, іс-әрекеттерден кейін бір стақан жеміс шырыны сусынның көмегімен әл жинауыңызға болады. Сусынның да құрамында глюкоза көзі, көмірсу бар. Оның арқасында сусындар ағзамызға тезірек күш жинауға көмектеседі.
  • Суды көп ішіңіз. Ағзамыздың 55-65 пайызы судан тұрады. Ағзамызды сумен қамамасыз ету — өте маңызды. Ағзаның 2 пайызға сусыздануы адамның жұмыс істеу қабілетін төмендетеді. Ыстық күндері және белсенді жұмыс жасаған күндері ішетін су мөлшерін көбейткеніңіз ләзім.
  • Дұрыс тағамдарды жеңіз. Түскі ас уақыты жақындамады, алайда қарыныңыз ашты ма? Сізге міндетті түрде аз да болсын тамақтанып алу керек. Бірақ тәтті тоқаш не бутербродтар туралы сөз қозғамаңыз. Қарыныңыз аша бастаған кезде алма, банан, йогурт, ірімшік, піскен жұмыртқа сынды тағамдармен өзек жалғағаныңыз дұрыс. Бұл тамақтар пайдалы әрі нәрлі. Оған қоса, ашығу сезімін басатын әсері де тамаша.
  • Лезде өзгеруді күтпеңіз. Жеңілдік пен үйлесімділік бірден емес, бірте-бірте орын алады. Бірақ бұл қуанышты өзгерісті байқамай қалуыңыз мүмкін емес.

Тамақтанудың үйлесімділік ережелері Сіздерге табиғаттың заңына сүйене отырып, науқастануға жол бермеуге көмектеседі. Дұрыс тамақтана білу — кез келген дәріден де күшті екенін естен шығармаған жөн.

Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер