Бурабайда “Burabay-Switzerland” тақтайшасын салтанатты орнату рәсімі өтеді
30.07.2019ж.

Бурабайда “Burabay-Switzerland” тақтайшасын салтанатты орнату рәсімі өтеді

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Switzerland Tourism» компаниясы және «Бурабай даму» ЖШС арасындағы келісімге сәйкес 31-шілде күні Бурабай курорттық аймағында “Burabay-Switzerland” тақтайшасын салтанатты орнату рәсімі өтеді. Бұл швейцарлық стандарттарға сәйкес екі ортадағы туристік бренд бағытын салуды білдірмек.

Шараға ҚР-ғы Швейцария Конфедерациясының Елшісі Урс Шмидт, Ақмола облысының әкімшілігі мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ жетекшілері қатысады. Тақтайшаны орнатудан бөлек, екі елдің ұлттық дәмін тату және мәдени бағдарлама ұйымдастырылады. Айта кетерлігі, туристік саланы дамытуға ниет танытқан қос тараптың кездесуі Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күні қарсаңында (1-тамыз) өтеді.

Жалпы, «Switzerland Tourism» компаниясымен әріптестік байланыс былтыр қазақстандық делегацияның Швейцарияға ресми сапары кезінде орнатылған. Сапар нәтижесінде «Kazakh Tourism» және «Switzerland Tourism» компанияларының өзара әріптестік құру туралы Меморандумға қол қойылды.

Биылғы жылдың сәуір айында «Switzerland Tourism» компаниясының жаңа нарықтар және арнайы жобалар жөніндегі директоры Федерико Соммаруга елімізге арнайы келіп, «Қазақстандық Швейцария» брендтік бағытын іске қосу бойынша екі жақтың әріптестігін бекемдей түсті.

 

 

Меморандумға сәйкес Швейцария тарапы Қазақстандағы ұлттық парктер мен таулы аймағында жыл он екі ай бойындағы туризмді дамытуға ат салысады. Сондай-ақ, келісім аясында тау гидтері мен шаңғы тебуді үйретуші маман дайындаудың швейцарлық стандартын енгізу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, құжат туристік өнімдерді ілгерілету, ақпарат алмасу мен халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Мәдениет және Спорт министрлігі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен әр облыстың жергілікті атқарушы биліктері бірлесіп, Қазақстандағы елеулі туризм нысандарының картасы жасалған. Оған туристер үшін тартымды 60 түрлі нысан мен бағыттар енгізілді. Ақмола облысында туризмді дамыту маңызды міндеттердің бірі саналғандықтан, Бурабай туристтік аймағы «Үздік 10» картасына енгізілгені белгілі.

Анықтама:

*«Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2017 жылдың шілде айында құрылған. Еліміздің туристтік әлеуетін шет мемлекеттерге таныту және Қазақстандық туризм саласына шетелдік инвестицияларды тарту компанияның негізгі мақсат-міндеті саналады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер