«Даналыққа ұмтылудың орнына ұсақталып барады»: Қайрат Нұртастың әйелі тыңдармандарына ренжіді
14.06.2018ж.

«Даналыққа ұмтылудың орнына ұсақталып барады»: Қайрат Нұртастың әйелі тыңдармандарына ренжіді

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова өзін «мақтаншақсың» деп сынағандарға жауап берді.

Отбасымен Түркияда демалыста жүрген актрисаның жүйкесіне оқырмандарының ауыр сөздері тие бастаған сыңайлы. Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі актрисаны және оның жақындарын балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер жазып жіберетін көрінеді.

«Қазіргі заманда адамзат даналыққа ұмтылудың орнына керісінше ұсақталып барады. Өкінішті-ақ. Біз тәуелсіз болашақ ұрпақ тәрбиелеудеміз, оларға үлгі бола білу керекпіз. Өмірді қиындататын Сіздің түпкі санаңыз, бұған ешбір қоғам, заман кінәлі емес. Мен кейбір адамдарды түсінбеймін. Егер сізге мезі болсақ, неліктен біздің отбасымыздың аккаунтына кіріп, бар "ақылдарын" бізге ғана жазады? Тағы тек жазып ғана қоймай ұырсып та, балағаттап та алады екен», – деп жазды Жұлдыз өзінің Instagram желісіндегі парақшасына.

Дереккөз: sn.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер