Басып шығару нұсқасы
16.05.2018, 14:42

Тіркелмеген телефондарға ұялы байланыс қосылмайды

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев келесі жылы тіркелмеген телефондарға ұялы байланыстың қосылмайтынын тағы бір мәрте еске салды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, осыдан екі жыл бұрын ұялы телефондады тіркеудің жаңа ережелері қабылданған болатын. Содан бері арнайы ақпараттық жүйе әзірленді. Оны іске асырудың арқасында ұялы телефондардың ұрлығын айтарлықтай азайтуға болады. Себебі ішкі істер органдары ұрланған телефонды IMEI-код арқылы бірден бұғаттай алады. 

Ұқсас сілтемелер