Басып шығару нұсқасы
14.05.2018, 09:02

Алматыда тоғыз жаңа субұрқақ салынады

Алматыда жайлы қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында биылғы жылы бұрынғы жеті субұрқақты қайта жөндеу және тоғыз жаңа фонтан салу жоспарланған, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Ұлттық кітапхана, «Жетісу» қонақүйі, Абылай хан мен Шевченко көшелерінің қиылысындағы және басқа да жерлердегі бұрыннан бар субұрқақтарды қайта жасау жоспарланған. Жаңа фонтандар Абай, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары мен Гоголь, Жібек Жолы, Маметова және Райымбек көшелерінің арасына салынады. Бассейн ыдысы сияқты дәсүрлі фонтандармен қатар «құрғақ субұрқақтар» да іске қосылуда, мұнда айналмалы су жүйесі, судың биіктігі ескерілген. Түрлі прожекторлар арқылы галогенді және жүзгіш шырақ сынды жарық көздері орнатылады. Айта кетерлігі, бұрын қайта жаңарған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңына қоса биылғы жылы мегаполистің бірқатар даңғылдары да жаңарады Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында абаттандыру жұмыстары жүруде. Егер өткен жылы 455 аула жаңарса, 2018 жылы қосымша 585 аула модернизацияланады. Жалпы, соңғы жылдары мегаполисте 180 км жол және 700 км инженерлік желілер салынып, жөнделді, бірқатар жолайрықтарының құрылыстары жүруде, магистралды көшелер үңгіленуде. Биылғы жылы ұзындығы 155 км болатын 157 көше мен 30 шақырымнан асатын жүргінші тротуарларын жөндеу жоспарланған.

Ұқсас сілтемелер