Басып шығару нұсқасы
22.08.2016, 18:04

"Мәңгілік ел" логотипі үшін байқау жарияланды. Үздік жобаға 3 млн теңге

Қыр баласы Қыр баласы baq.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының логотипін жасауға байқау жариялайды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Байқауға қатысуға кез-келген адамның мүмкіндігі бар. Еліміздегі ең басты басымдықтардың бірі саналатын "Мәңгілік ел" идеясын бір қарағанда танытар логотип үшін байқау уақыты бір айға жалғасады. 2016 жылдың 1-ші тамызы бен 1-ші қыркүйегі аралығында қабылданатын жұмыстардің ең үздігіне 3000000 теңге сыйлық беріледі.

Байқау жеңімпазын анықтау жөніндегі шешім қарапайым көпшіліктің дауысымен анықталады. Дауыстар тең түскен жағдайда шешуші дауыс Байқау комиссиясы төрағасына тиесілі болады.

Ережемен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mks.gov.kz сайтында танысуға немесе байқау ұйымдастырушыларымен 8 (7172) 74-01-28, 74-01-04 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Өтінімі бар байқау материалдарын me_logo@mail.ru электронды поштасына жолдауға болады.

Байқау ережесімен мына сілтеме арқылы толығырақ танысуларыңызға болады.

 
Қыр баласы

Ұқсас сілтемелер