Басып шығару нұсқасы
30.03.2018, 10:17

ОҚО жастары «Аягөзге көмек» атты акциямен тұрғындарға көмектесті

ОҚО жастары «Аягөзге көмек» атты акциямен тұрғындарға көмектесті ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. ОҚО жастары

Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысының жастары "Аягөзге көмек" атты  үндеу жариялаған болатын. Бүгінгі таңда облыстың белсенді жастары, еріктілері, ауыл-аймақ жастары  қолдан келгенше көмек көрсету мақсатында азық-түлік пен  тұрмыстық қажетті заттарды жинақтау үстінде. Бұл туралы silteme.kz AA хабарлайды.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» қазіргі уақытта  590 келі  картоп,  513 келі  сәбіз, 2 қап қырыққабат, 550 келі пияз, 50 келі алма және тағы басқа да қажетті заттар мен  104 800 теңге қаржы жиналған.  Орталық мамандары бүгінде  үндеуге үн қосып, қолдау білдірем деген жастардың  қарасы күн санап көбейіп жатқандығын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік,  жуырда Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аудандарында бір тәулікте бір айлық нормалы жаңбыр жауып, 30 шақты жеке тұрғын үй мен 150-ге жуық ауланы су алған болатын. Орын алған табиғи апатқа өңірдің белсенді жастары мен жастар ұйымдары бей-жай қарамастан, арнайы топ құрып, үндеу жариялады.

Ұқсас сілтемелер