Басып шығару нұсқасы
12.03.2018, 16:54

Непалда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Непалда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады rbc.ua

Непал астанасы Катмандуда, Трибхувана әуежайына жақын маңда ішінде 67 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі бар Бангладештің US-Bangla әуекомпаниясына тиесілі жекеменшік ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды mk.ru.

Ұшақ ұшу-қону жолағынан қырын өтіп, футбол алаңына барып құлаған. Сол жерде бірден өртене бастаған.

Әзірге зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы ресми ақпарат таратылған жоқ.
©abctv.kz

Ұқсас сілтемелер