Басып шығару нұсқасы
12.03.2018, 12:11

Қытай Атазаңын түбегейлі өзгертіп, президентке шексіз құқық берді

Қытай Атазаңын түбегейлі өзгертіп, президентке шексіз құқық берді Qamshy.kz

11 наурызда Пекинде Жалпықытайлық жиналысының 13 шақырылымы өтті. Аталған жиында ҚХР конституциясына өзгеріс енгізу жобасы мақұлданды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап silteme.kz АА. 

Басқарушы Коммунистік партиясы бір ай бұрын Конститутцияға өзгеріс енгізілетінін мәлімдеген болатын. ҚХР Контитутциясына өзгеріс енгізілетініне ешкімнің күмәні болмады. Себебі партия мүшелері бұл ұсынысқа қарсылық білдірмеген болатын.

Дауыс беруге 3000-ға жуық халық қалаулылары қатысқан. Тек екі адам қарсы шығып, 3 адам дауыс беруден бас тартты.

Сонымен бірге ҚХР негізгі заңына Си Цзинь Пиннің жаңа дәуірдегі қытайлық ерекшеліктері бар социализм, қытай ұлтының ұлы жаңғыруына қол жеткізу және экоөркениеттік құрылыс түсінігі туралы идеялары енгізіледі.

ҚХР

Жаңа түзетулер бойынша, мемлекеттік қызметшілер қызметке кіріспес бұрын халық алдында ант береді. Тағы да айта кетерлігі ҚХР мемлекеттік органдар жүйесін бақылайтын Ұлттық комиссия енгізіледі.

ҚХР төрағасы мен төраға орынбасары екі мерзімнен артық билікте болуға тыйым салатын заң тармағы алынып тасталды. Бұл өзгеріс Си Цзиньпин 2023 жылдан кейін де ел басқаруы мүмкін екенін көрсетеді.

Ұқсас сілтемелер