Басып шығару нұсқасы
25.02.2018, 08:56

Алматыда арықтардан тонналаған қоқыс шығарылып жатыр (фото)

Алматыда арықтар жиналып қалған тонналаған қоқыс пен қардан тазалануда, деп хабарлайды қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап Stan.kz.

«Барлық аудандарда арық жүйесін қардан, қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде», – деп жазылған парақшада.

Өз кезегінде желі қолданушылары арықтардан шығарылып жатқан қоқысты көріп шошыды.

Сондай-ақ, олар қала тұрғындарын тазалық сақтауға және көше тазалықшыларының жұмысына құрметпен қарауға шақырды.

«Халайық, қоқысты қоқыс жәшігіне тастаңыздар. Қала – өз үйіміз. Ұят емес пе?», «Біздің халыққа айтар сөз жоқ. Қалай осылай жасауға болады? Бұл біздің жеріміз, үйіміз емес пе? Тазалық жүргізген жер емес, бей-берекет қоқыс тасталмайтын жер ғана таза болады», – деп жазды желі қолданушылары.

Ұқсас сілтемелер