Басып шығару нұсқасы
16.02.2018, 11:16

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиадада 232 адам норовирус жұқтырып алған

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиадада 232 адам норовирус жұқтырып алған sport-express.ru

Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарында норовирус жұқтыру фактілерінің саны 232-ге жетті, деп хабарлады бейсенбі күні Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінен. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап today.kz жазды. 

Соңғы кезде 30 жаңа науқастың ауруханаға жатқызылғаны атап өтіледі. Ауырғандардың арасында спортшылар мен шетелдік делегацияның мүшелері жоқ.

Бұған дейін вирус жұқтырудың 192 фактісі туралы хабарланған болатын.

Вирустың жылдам тарауының салдарынан Олимпиада ойындарының ашылуының алдында 1,2 мың күзетші жұмыстан шеттетілген.

Ұқсас сілтемелер