Басып шығару нұсқасы
15.02.2018, 17:24

Митхун Чакраборти Қазақстанға келеді

Шымкентте Чакрабортидің жаңа фильмінің кейбір көріністері үшін бекініс салынады. Болливуд жұлдызы Митхун Чакраборти Шымкентке үнді фильмінің түсіріліміне келеді, деп хабарлайды өңірлік TVK телеарнасы. 

Еуразиялық кинофестиваль директоры Мира Қарсақпаева танымал актердің тарихи фильмде түсетінін айтты. 

"Сәуірде Шымкентте үнді фильмін түсіреді. Чакрабортиден басқа Рандип Худа ойнайды. Ол жас жұлдыздардың бірі. Біз XVIII ғасырдағы үлкен бекініс саламыз. Және бүкіл жерде фильм мен көріністің Шымкентте түсірілгені айтылатын болады", — деді Қарсақпаева.

Митхун Чакраборти "Танцор Диско", "Танцуй, танцуй" және тағы да басқа фильмдер арқылы белгілі. Үндістанның ең танымал актерлерінің бірі 350-ден астам кинотуындыда түскен. 

©sputniknews.kz