Басып шығару нұсқасы
30.01.2018, 14:11

Димаштың ата-әжесінің алтын тойына Мұхамедиұлы мен Сапарбаев келді

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қанат пен Света Айтбаевтардың ата-анасы, әнші Димаш Құдайбергеннің ата-әжесі Құдайберген аға мен Миуа апайдың алтын тойының құрметті қонақтары болды, деп хабарлайды Today.kz.

Алтын тойға әдемі гүлмен келген қос шенеунік 50 жыл бойы керегесі сөгілмеген берекелі жанұяға ыстық ықыластарын білдірді. 

Айтбаевтар әулетіндегі алтын тойға арнайы барғандардың ішінде қазақ эстрадасының жарқын өкілдері Лұқпан мен Айған Жолдасовтар, Мирас пен Құралай, Әділ мен Даналар да бар. 

Тойға арнайы келгендер үшін алдымен қонағасы беріліп, кейін үлкен той жасалды.  

Жазба авторы:

Мейіргүл Оңғарова