Басып шығару нұсқасы
27.01.2018, 16:24

Алматыда суықтан оқушы баланың үш саусағы үсіп қалған

Алматыда саусағы үсіп қалған оқушы аймақтық балалар ауруханасына түсті.

«Оқушы қолының 3 саусағын 1-3 дәрежелі  2% үсік шалған. Пациент консервативтік ем қабылдап жатыр. Операция жасау қажеттілігі жоқ. 2 аптадан соң үйіне қайтады», – деді Алматы аймақтық балалар ауруханасы директорының медициналық жұмыстар бойынша орынбасары Асқар Қалиев.

Айта кету керек, Алматыда 24-26 аралығында 11 адам үсік шалу диагнозымен ауруханаға жеткізілген.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдемге үш күн ішінде 24 адамнан қоңырау түскен.

«Оның ішінде 10 адамға сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Олар ары қарай амбулаториялық ем қабылдап жатыр. 11 адам қалалық ауруханаларға жеткізіліп, оларға қабылдау бөлімінде медициналық көмек көрсетілді. Оның 3-і бала. Тағы 3 адам облыстық ауруханаларға бағытталды», – деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

©http://stan.kz

Ұқсас сілтемелер