Басып шығару нұсқасы
24.01.2018, 10:47

Астанада 30-ға жуық адамды үсік шалды

Астанада 30-ға жуық адамды үсік шалды sputnik.kz / Илья Питалев

Аяздың алғашқы күндері елордамызда 30-ға тарта адамды үсік шалды, деп хабарлады қала әкімі Әсет Исекешев. Олардың арасында балалар да бар.

"25 адамды I-II дәрежелі үсік шалған, екеуін — II-III дәрежелі, біреуін —  IV-V дәрежелі. Барлығына медициналық көмек көрсетілді", —  деп жазды Әсет Исекешев.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде алдағы үш күнде аяз күшейіп, орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлерде қаһарына мінеді. Астанада ауа темпертаурасы 45 градус аязға дейін төмендейді.


Дереккөз: sputniknews.kz