Басып шығару нұсқасы
08.01.2018, 15:07

Павлодарда Аяз Апа көшеде қайыр сұрап жүр

Павлодарда полицейлер көшедегі көлік жүргізушілерінен қайыр сұрап жүрген «Аяз Атаға» назар аударды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Полицейлер Аяз Атаның киіміндегі азаматпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол Кутузов көшесінде қызыл бағдаршамға тоқтап тұрған көлік жүргізушілерінен қайыр сұраған. Бұл жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін. Сондықтан полиция онымен алдын алу шарасын өткізді», - дейді Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.  

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, қайыршы 72 жастағы әжей болып шыққандығы себепті жауаптан босатылған.



Ұқсас сілтемелер