Басып шығару нұсқасы
16.01.2018, 09:30

Психолог: “Жігіт сүйгенін алады, қыз сүйгені қалады” дегенді қою керек

Әсел Сарқыт Әсел Сарқыт Фото: Фишки.нет

Бұл туралы baribar.kz порталындағы "Күйеуім мені алып қашты…" атты мақалаға орай берген түсініктемесінде Мақпал Базарбайқызы есімді психолог айтқан, деп хабарлайды silteme.kz.

"Қызды алып қашу – ежелден келе жатқан дәстүр, бірақ қазір ол өзгеше сипат алып бара жатыр. Бұрын қыз өз келісімімен қашатын. Оның себебі ұзату шығынына байланысты. Екіншісі – ұрлау. Бүгінде екіншісінің – қыздарды келісімдерін алмастан “басып әкететіндердің” қатары артқан. Маған көмек сұрап келетін қыз-келіншектердің көбі – осы алып қашудың құрбаны болған жандар. Отбасындағы түсінбеушілік, ұрыс-керістің түп-төркіні ерлі-зайыптылардың бірін-бірі жете танымауынан шығады. Кейбір жігіттер бір көрген қызын екінші көргенде алып қашып кетеді. Бұл – қыздың психологиясына үлкен соққы. Анасы бақытсыз отбасының балалары да бақытты болмайды. Осыны естен шығармау керек. Ата-анасының жиі ұрсысуы да баланың психологиясында үлкен із қалдырады, тіпті болашағына да әсер етеді. Сол себепті жігіттерге эгоизмді қою керек. Қыз тұрмысқа шығуға келіспесе, бейбіт жолмен келісімін алуға тырысқан жөн. “Жігіт сүйгенін алады, қыз сүйгені қалады” дегенді арқау ете беруге де болмайды" деген ол. 

Ұқсас сілтемелер