Басып шығару нұсқасы
23.12.2017, 09:03

Алматыда 13 жастан 16 жас аралығында 40-тан астам қыз жүкті болған

Алматыда 13 жастан 16 жас аралығында 40-тан астам қыз жүкті болған modernmom.com

Бұл мәліметті Алматы әкімдігінің әйелдер және отбасы демографиялық саясаты бойынша бас инспекторы Нәзира Тоғызбаева келтірді, деп хабарлайды КТК-ға сілтемемен silteme.kz.

Оның айтуынша, сондай-ақ Алматы қаласында жасөспірімдер суициді мәселесі ушығып тұр. 

"Қала бойынша қазір жасөспірімдер арасында 27 суицид әрекеті және үш суицид орын алды. Ал жасына жетпей екіқабат болып жатқандар өте көп. 13 жастан 16 жас аралығында 40-тан астам қыз жүкті болған. Барлық есеп беруде олар азаматтық некеде тұрып жатқанын айтады, бұл өте қорқынышты",- деді Тоғызбаева.

 

 

Ұқсас сілтемелер