Басып шығару нұсқасы
21.12.2017, 11:56

Астанада салмағы 5,4 келі қыз дүниеге келді

Астанада салмағы 5,4 килограмм қыз дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл соңғы 20 жылда елордада осындай салмақта туылған үшінші қыз.

Бұл туралы әкімдік баспасөз қызметі хабарлады.

«13 желтоқсанда салмағы 5 400 грамнан асатын нәресте  туылды. Әйел жақсы босанды, қазір анасы мен баласының жағдайы қанағаттанарлық, үйіне босатылды», - деді №3 Перинаталды орталығы босану бөлімінің басшысы Эльмира Әлімжан.

Ата-анасы қыздарына Жаннұр деген есім берді. Бес келілік қыздың алдында екі ағасы бар.

Денсаулық сақтау бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, 2003 жылы Астанада (5 584 грамм) әдеттен тыс салмағы бар бірінші қыз туылған, 2014 жылы екінші қыз 5 750 грамм салмақпен дүниеге келген. Ал биыл елордада 5,5 мың грамм салмақты ұл бала туылыпты.

Ұқсас сілтемелер