Басып шығару нұсқасы
15.12.2017, 16:15

Ақпараттық қауіпсіздік саласына 500 грант бөлінеді

Соңғы 6 жылда еліміздегі мемлекеттік мекемелер, банктер мен жеке компанияларға 80 мыңға жуық кибершабуыл жасалған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі осындай, деп хабарлайды 24.kz.

«Қазақстанның киберкеңістігін қорғау» бағдарламасын әзірлеушілер еліміздің болашақ ақпараттық қауіпсіздік саласы үшін жас мамандар дайындауды қолға алмақ. Қазір арнайы орталықтар құрылған. Оның құрамында ақпараттық қорғаныс бағдарламасын әзірлеуші жетекші компаниялар мен Қазақ-Британ техникалық университеті және халықаралық ақпараттық технологиялар университеті бар.

Бүгін еліміздің қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитеті олармен серіктестік жөнінде 9 меморандумға қол қойды. Келісім аясында комитет болашақ ақпарат қауіпсіздігі мамандарын дайындау үшін жыл сайын аталған оқу орындарына 500 грант бөледі.

«Өткен оқу жылында грант көлемі 100-ге де жетпейтін. Әрине, ол мемлекеттік сұранысты өтеуге жеткіліксіз еді. Енді министрлік грант көлемін 500-ге арттырып отыр. Бұл – ақпараттық қауіпсіздік саласын дамытуға арналған игі бастама», - дейді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков.

Ұқсас сілтемелер