Басып шығару нұсқасы
20.12.2016, 20:12

Америкалықтар Қазақстаннан алты мың бала асырап алған

Шетел азаматтары асырап алған балалардың жағдайын жыл сайын тексеріп тұруға консулдардың уақыты жетпейді, деп хабарлайды nur.kz.

Мысалы, АҚШ-та 6 мың қазақ баласы бар. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ-тағы 1-2 консулдың әр балаға барып тұруға мүмкіндігі жоғын мойындады.

Сондықтан министрлік қандастарымыздың халі жөнінде мәлімет беріп отыратын сондағы агенттіктер есебіне сенуге мәжбүр. Ал АҚШ-та қазақстандық екі баланы ерлі-зайыпты ұзақ уақыт қамауда ұстап, зорлық көрсеткенінен кейін бала беруге тыйым салынған.

Алпауыт елден 6 мың бала жайында ақпарат алу да қиын болып тұр. Сондықтан министрлік балалар туралы толық ақпарат қолға тимейінше, АҚШ-қа бала бермейміз деп отыр. Ал бес жыл бұрын дәл осы елде жоғалған бала туралы сұраған журналистерге министр қатқыл жауап қатты.

"Шынымды айтсам, бұл жайттың мән-жайы менің есімде жоқ. Мыңдаған фактіні білуім мүмкін емес. Кім, қашан, қайда?  Қателссем, жағымсыз болары анық. Сондықтан, Америка бойынша да, Грузия бойынша да тексереміз", - дейді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Ұқсас сілтемелер