Басып шығару нұсқасы
17.04.2018, 11:01

«Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша біліктілігін арттыру курсы» басталды.

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ағымдағы жылдың 16, 17, 18 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша біліктілігін арттыру курсын» өткізеді.

Курста ф.ғ.д., А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының   профессоры Әлімхан Жүнісбеков, ф.ғ.д., С. Демирел атындағы университеттің  профессоры Құралай Күдеринова, Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов қазақ латын әліпбиінің соңғы нұсқасы, латыннегізді қазақ жазуының емле мәселелері, кірме сөздердің орфографиясы және тағы басқа да мәселелер туралы дәріс оқитын болады.

Курсқа Астана қаласындағы жоғары және орта оқу арнаулы оқу орындарынан, мектептен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары қатысады.

Курс «Іскер» бизнес орталығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін болады.

Ұқсас сілтемелер