Басып шығару нұсқасы
19.12.2016, 12:16

Қазақтың бүркітші қызы Моңғолияның танымал 50 адамының бірі атанды

Моңғолияда тұратын танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы 2016 жылғы таңдаулы 50 адамының бірі атанды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Құрамына саясаткерлер, спортшылар, өнер саңлақтары, халықаралық дәрежедегі танымал тұлғалар кірген бұл топты халықтың ашық дауыс беруі бойынша іріктеп алған.

«Саясаткер», «жаңалық ашушылар», «жеңімпаздар», «символдар» және 2016 жылдың ең үздік «жанжалшылары» деген 5 топ бойынша сараптап, халықтың таңдауы бойынша анықталған 2016 жылғы Моңғолияның ең үздік 10 «символдық» адамының бірі болып танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы таңдалды.