Белгілі абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов Алматы телеарнасындағы «Өткір тіл» бағдарламасына берген сұхбатында елімізге дендей енген уахабизм ілімінің қаупі мен тарихына тоқталды, деп хабарлайды baq.kz.

Ғалымның пікірінше, уахабистер мемлекетке үлкен қауіп төндіріп жатыр. Дер кезінде алдын алмаса, соңы қасіретке ұрындыруы мүмкін.
«Уахабистерді жоймай болмайды, егер жоймасақ, олар бізді жояды. Оған мен түсінбейтін бір кедергілер бар. Олар қауіпсіздік органдарында да, депутаттардың арасында да отыр. Мен білгенді тиісті орындар білмейді дейсің бе?», - деп тоқталды Мекемтас Мырзахметов.
Оның пайымынша, бәрі сол ақшаға келіп тірелуде, уахабистер дін үшін емес, ақша үшін жанталасып жүр.
«Байтұрсынов: «Дінін шаншып істікке, әркім бір жем іздеп жүр» дейді. Неге біздің өнерпаздарымыз дінін сатты? Бірі жаңа пайғамбар шығармақшы, бірі кришнаны әкелмекші, енді бірі уахабизммен айналысады, не құдай ұрды бұларды? Олар бәрін біліп отыр. Дінге беріліп кеткен ешқайсы жоқ», - деп түйіндеді ол.