Исхақ есімді испаниялық мұсылман жігіт кіші қажылығын өтеу үшін 9 000 шақырымнан астам аралықты жаяу жүріп өткен, деп хабарлайды muslim.kz.
Исхақ есімді испаниялық мұсылман жігіт кіші қажылығын өтеу үшін 9 000 шақырымнан астам аралықты жаяу жүріп өткен, деп хабарлайды muslim.kz.
Ол өзінің сапарын осыдан бес жарым ай бұрын Париж қаласынан бастаған екен. Ал сапар шығынына 5 мың евро жұмсаған көрінеді. Жолай кездескен жандардың ұсынған көмегін алудан үзілді-кесілді бас тартыпты.
Оның айтуынша, сапар барысында кездескен қиындықтар көбінесе ауа-райының қолайсыздығына байланысты орын алған. Бірде, тіпті, қатты суықтан аяқ-қолын сезбей қалғанын айтады ол.
Айта кетейік, Исхақ қасиетті мекенге кәрі құрлықтан жаяу аттанғандардың алғашқысы да әрі соңғысы да емес. Соңғы рет бұндай сапарға 2012-жылы Босния елінің мұсылманы тәуекел еткен болатын. Ол 5,7 мың шақырымды жаяу жүріп өткен еді.