Басып шығару нұсқасы
19.10.2016, 11:04

Бас мүфти Ватикан елшісін қабылдады

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ватиканның Қазақстандағы Елшісі Фрэнсис Ассизи Чулликатт мырзамен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz.

Кездесу барысында елімізде әр үш жыл сайын өтетін әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының құрылтайы, осынау халықаралық басқосудың әлемдік діни тұрақтылыққа қосып жатқан сүбелі үлесі туралы сөз болды. Сонымен қатар, бүгінгі әлемдік діни қақтығыстар, лаңкестік әрекеттерді болдырмаудағы дін лидерлерінің рөлі әңгімеленді.

Ресми кездесуде сөз алған мәртебелі қонақ Діни басқарманың қазіргі қоғамдағы орны мен ықпалын жоғары бағалады.

Бас мүфти дінді саяси құрал ретінде пайдаланбау қажеттігі туралы пікірлерімен бөлісті.