Басып шығару нұсқасы
18.10.2016, 11:43

Қағбаны жуу рәсімі өтті

Кеше Мекке қаласында қасиетті Қағбаның есігі ашылып, ішін жуу рәсімі өтті, деп хабарлайды muftyat.kz.

 Бұрын Қағба жылына екі рет - Мухаррам және Шағбан айларында жуылатын. Енді, осы рәсім жылына бір рет өтетін болады.

Рәсімге Мекке қаласының губернаторы Халид әл-Файсал бастаған топпен қоса, 100-ге жуық адам Қағбаның ішінде дұға қылу мәртебесіне ие болды.

Қағба арнайы Таиф өлкесінде өсірілген раушаннан алынған қызғылт сумен жуылады.

Ұқсас сілтемелер