Басып шығару нұсқасы
07.09.2016, 17:48

Католик мектебінің мұғалімі оқушыларға Құран оқытып келген

Австралияда «балаларымызға Құран оқытты» деп шағым түсірген ата-аналардың дау-дамайынан кейін католик мектебінің тарих пен географиядан сабақ беретін мұғалімінің үстінен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жайында "Лайф" ақпарат көзі «Daily Mail» басылымына сілтеме жасай отырып islam.kz хабар таратты.

Джесс Питтард есімді аталған пәндерден дәріс оқитын мұғалімнің оқушыларға 7-10 минут бойы қасиетті Құран аяттарын оқып келгені белгілі болды. Ата-аналар мұғалімді католик мектебінде «жат» дінді насихаттады деп айыптап отыр. Ал аталмыш білім ордасының басшылығы мұның тек тәжірибе екендігін және оны алдағы уақытта қайталамайтындарын айтып, ата-аналарды әзер сабасына түсіндірді.

Ұқсас сілтемелер