Басып шығару нұсқасы
29.08.2016, 17:39

Құрбан айт мейрамы кезінде қазақстандықтар үш күн демалады

Қазақстан Республикасының азаматтары қасиетті Құрбан айт мейрамы кезінде үш күн демалады. Бұл туралы BAQ.kz-ке сілтей отырып silteme.kz хабарлайды.

Биылғы жылы Құрбан айт мейрамының алғашқы күні 12 қыркүйек яғни дүйсенбі күнге сәйкес келіп отыр. Сондықтан қазақстандықтар 10,11,12 қыркүйек күні демалады. Себебі, алғашқы екі күн сенбі және жексенбіге сәйкес келіп тұр.

Құрбан айт мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

 

Ұқсас сілтемелер