Басып шығару нұсқасы
10.08.2020, 19:39

«Қазіргі психологиялық тәжірибедегі (практикадағы) дін»

«Сен күйзелістесің бе? Сені ешкім түсінбейді ме? Сен алдыңа қойған мақсаттарыңа жете алмайсың ба? Сенің табысты адам болғын келсе біздің семинар-тренингимізге келіп өз өміріңді өзгертіп, табысқа кенеліп шығасың...» деген түрлі психологиялық практиктердің семинарларына шақыртуларды көріп естіп жатамыз. Шынымен күйзелісте жүрген адам үшін осындай мотивациялық сөздерді естіп мүмкін өзгеріп, өмірінің мәнін тауып, табысты болуы мүмкін. Бірақ барлық жағдайларда емес. Себебі кей жағдайларда бұл деструктивті ағымдардың жетегіне кетіп қалуымен сипатталуда.

 Дін адам өмірінде маңызды орын алады. Адам алғашқы қауымдық кезеңнен бастап айналадағы құбылыстардың себептерін білуге талпынған, әлем, өмір мен өлім, өмірдің мәні сияқты сұрақтарға жауап іздей отырып ақылдан тыс бір құдіретті күштің бар екендігіне сенген.

Дін айналасындағы жан ұғымы ерте даму кезеңдердің өзінде-ақ денеден бөлек құдыретке ие түсініктер қалыптасқан. Жан дегеніміз адамның, жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты. Діни дүниетанымда адамдарға жан беруші және оны алушы — Құдай. Бұл барлық діндерге ортақ түсінік. Демек жан иесі — Құдай. Ислам философиясында жан— Алланың нұры немесе Алланың нұрынан жан пайда болады дейді. Қалай болғанда да жан адамға қатысты емес, ол Алла әмірімен болатын іс деп ұғынған. Жанның тәнге тұрақтаған кезі “жалған” өмір болса, тәннен бөлініп “ұшып” кеткен соң, ол “мәңгілік” ғұмыр кешу деп, о дүниеде жаратушы сұрақтарына жауап беретін де жан дейді. Философия тарихында жан туралы көптеген ғұламалар пікір айтқан. Мысалға Аристотель жан тәннің формасы десе. Грек философы Плотин жан тәннің формасы емес, ол — ақыл иесі дейді. Оның айтуынша ақыл тәнде емес, жанда. ибн Сина өсімдіктер жаны, хайуанаттар жаны және адамдар жаны деп жіктеген, оның дүниетанымында «ақылсыз жан» деген түйсінік хайуанаттар жаны болса, ақылды жан иесі — адам дейді. Мұндай жағдайда өсімдік жанның хайуан жанына, одан адам жанына өтуі, немесе керісінше болуы мүмкін емес. Жанның бір денеден екінші денеге ауысуы будда дініндегі түсінік. Жан мифологияда, көркем өнерде де түрлі образдарға негіз болған бізге белгілі.

Жан тұралы ұғымды толықтыратын ғылымның тағы бір саласы психология болып табылады. Себебі психология грек тілінен – «жан туралы білім» деп аударылады, ал теориялық негіздемесіне сәйкес - адамдар мен жануарлардың мінез-құлқы мен психикалық процестерін зерттейтін ғылым болып табылады. Психика – бұл тірі өмірдің пәндік әлеммен өзара байланысының жоғары түрі, олардың өз ниеттерін жүзеге асыру және ол туралы ақпарат негізінде әрекет ету қабілеттері. Психика арқылы адам қоршаған ортаның заңдылықтарын көрсетеді. Яғни психология жан тұралы ғылым десекте болады, бірақ психология тәжірибесінде(практикасыда) жан ұғымы тек адамның жанын емдеу деген ұғымда ғана қолданылып қарастырылады. Мұндай екі жақтық психологтардың діни ұғымдарды тереңрек түсінуге алып келіп дін психологиясының шығу себепкері болды.

 XIX ғасырда дінді психологияның зерттеу нысаны ретінде қарастырған  психолог ғалымдар арасында қарама – қайшылықтар орын алған.  Мәселен Зигмунд Фрейд дінді ұжымдық невроз деп діни ілімдердің негіздері сенушіні шынайы әлемнің көленкесінде қалдырады, сондықтан ол сенуші кәдімгі невротикқа теңестіріледі деген. Ал діннің және руханилықтың адам өміріне ықпалын терең зерттеулер жүргізіп тікелей психикалық ауруларына шалдыққан пациенттермен жұмыс жүргізген Виктор Франкл адамның рухани дүниесі танып алуды, діни көзқарасын пациенттермен жұмыс жүргізбестен алдын ала біліп алуды алға тартқан.

Ал XX-XXI ғасырлардағы психология тәжірибесі мен дін арақатынасы өзінің алғашқы  кезеңдеріне қарағанда біргіп, жұптасып жұмыс істеуді талап етуде. Себебі психотерапевтерге клиеттердің діни және рухани нанымдары, клиенттерге қолдау көзі болып емделушіге сенім арқылы құдыретті күш сыйлап, емдеу процесіне үлкен үлес қосуы мүмкін деген жанның екі саладағы қызметі жайлы және психология тәжірибесінде дінің руханилықтың қолданысын жақтаған Берт Хеленгер, Альберт Эллис, Джеффри Э. Барнетт, Али Реза Раджан сынды ғалымдардың мақалалары мен көзқарастарынан байқай аламыз. Емшара кабинеттеріндегі психологтардың кейбірі руханилықтың терапия саласына енуін арқасында жаңа емдеу түрлерін пайда болуына алып келуі мүмкін екенін Уильям Хатауэй, Кэрри Доеринг, Эдвард Шафранск, Кеннет Паргамент еңбектерінде атап өтеді.

 Дін мен психологияның үйлесімдігі ретінде қарастыруымызға болатын елмізде танымалдылыққа ие болып дамып келе жатқан психо-тренингтер, семинар, курстар аз емес. Олар адам өмірін жеңілдету яғни күйзелістер мен қиындықтарды төтеп беру үшін мотивациялар мен кеңестерді берушілер деп қарастыра аламыз. Әлем елдерінде бұндай семинар, тренингтер бізге қарағанда әлде қайда ерте дамып өзіндік бір жүйеленіп, заңдастырылған болса, елімізде ондай тәжірибе мен тәжірибелі мамандардың тапылығының әсеріне даулы мәселелерге себеп болуда. Мәселен қандайда бір психологиялық білімі жоқ әлеуметтік желілер арқылы оқырмандарына ақыл айтып үлгі болу тендециясы көбіне әйел қауымына тән болып жатыр. Мұндай үлгілі мотиваторлардың өзі шетел психологтарының семинар, тренингтерінен үйренгенін қазақ дәстүрі мен дәстүрлі қазақтың діни сенімдерін исламмен ұштастырып кейде дінге қайшы әрекеттерімен көзге түсіп жатады. Мысалға алсақ, Ж. есімді Қазақстандық белгілі блогер, өзін рухани практик ретінде таныстыратын мотиватор исламдағы қазіргі өмірдің жалған екендігі туралы ұстанымды буддизмнің жанның ауысуы карма, сансара туралы түсініктерді ұластырып бір ойға келтіріп екі дінді де бір етіп шатастырып жатады. Рухани практик ретінде психологиялық тренинг курстарды жүргізу барысында Жанар аталмыш психологтар З.Фрейд, В.Франкл, Э.Фромм т.б. ғалымдардың тәжірибесі мен еңбектеріне сүйенеді.

Рухани практика бұл ең алдымен адамның өзін-өзі бақылау және жеке басында болып жатқанын тек өзі ғана шешуге керек деген ұстанымнан тұрады. Елімізде Психология нумерология деген атпен тренинг курстарды өткізіп жүрген келесі Қ. есімді азаматша елге танымал тұлға, блогер және әлеуметтік желі психологы. Бұндай танымалдылыққа ие тұлғалар өзін психолог деп айтқанымен көпшілігі психологиялық білім иелері емес. Бірақ оған қарамастан психо-тренингтерге халықтың белсенді қатысуын көреміз.

Мұндай “психолог-мотиваторлар” өздерінің тәжірибесін дін емес деп, ешқандай діни-нанымды дәріптемейтінін айтсада, діни тақырыптарды үстірті болсын айтып тіпті біршама кеңестер береді. Осыдай әлеуметтік желідегі танымалдылықты пайдаланып тыңдармандарына өзіндік діндер тұрғысынан қайшылыққа толы рухани дүниені дәріптеп жатқанын тіпті өздері сірә байқамайды.  

Дихамбаев Н.Ж.

Дерек көзі: http://cipr.kz/#

Ұқсас сілтемелер