Басып шығару нұсқасы
24.08.2016, 16:17

Тәж-Махалға туристердің кіруіне шектеу қойылады

Үндістан билігі әлемге әйгілі Тәж-Махал мавзолейіне туристердің кіруіне шектеу қоймақ. Елдің археология басқармасы осындай бастама көтерген, деп хабарлайды e-islam.kz.

Сарапшылардың пайымдауынша, туристер көлемінің шектен тыс көбеюі ислам жәдігерінің архитектурасына нұқсан келтіреді.

«Тәж-Махалға туристердің өте көп келуі үлкен мәселеге айналды. Сол себепті біз мавзолейге экскурсия жасау уақытын шектеуді жоспарлаймыз. Егер қазіргі уақытта туристер таңертең сағат 7-де билет алып, ғимарат жабылғанға дейін аралайтын болса, жаңа ереже енгізілгеннен кейін Тәж-Махалда болу уақыты 3-4 сағаттан аспауы тиіс» дейді басқарма өкілі.

Жоспарға сәйкес, туристердің мешітте болу уақытын билеттің түсі анықтайтын болады.