Басып шығару нұсқасы
30.05.2018, 17:07

ФОТО: Өскемендік Дмитрий есімді жігіт 500 адамға арнап ауызашар берді

«Дініміз бен діліміз бөлек болса да, Отанымыз ортақ, тілегіміз бір» деп санайтын Өскемендегі жеке компаниялардың бірінің  директоры Дмитрий Левитанус облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 500 адамға арнап ауызашар берді.

Оған қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен жандар жиналды.

Дмитрийдің айтуы бойынша, ол Қазақ елінде тұрып жатқан барлық этнос өкілінің ұстанған ұстанымы мен наным-сенімін құрметтейді. Әсіресе он екі айдың сұлтаны Рамазан айында ораза тұтқан халықтың шыдамдылығына тәнті екенін айтты. Ол  мұсылман достарынан ауызашар берудің сауабы мол деп естіген.

"Сондықтан да осындай қадамға бардым", — дейді Дмитрий Левитанус.

Ауызашарда облыстық «Халифа Алтай» мешітінің имамдары жамағатқа арнап оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.

Дмитрийдің сауапты ісіне мешітке жиналған қауым алғыстарын айтып, оған жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Дереккөз: ktk.kz 

Ұқсас сілтемелер