Басып шығару нұсқасы
27.03.2018, 13:08

Қазақстан мен Өзбекстан діни мерекелерді бірізді өткізуге уағдаласты

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Өзбекстанға жасаған ресми сапары барысында екі елдің мүфтилері дін саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты орнатуға арналған құжатқа қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Османхан қажы Алимовтың қатысуымен өткен екі жақты кездесуде діни мерекелерді бірізге түсіру мәселесі талқыланды.

Ресми басқосуда Серікбай қажы Ораз қазақ-өзбек ұлтының ұстанатын мәзһабы мен діни сенімі бір екенін атап өтіп, діни мерекелерді бірізге түсіру қажеттігін сөз етті. Өз кезегінде Өзбекстан мүфтиі Османхан Алимов бұл ұсынысты қолдайтынын мәлімдеп, бауырлас елдердің діни саладағы байланысын одан ары нығайта түсу керек екенін тілге тиек етті.



Ұқсас сілтемелер