Басып шығару нұсқасы
02.12.2017, 22:02

Facebook экстремизмге қарсы күрес жариялады

Facebook әлеуметтік желісінің әкімшілігі экстремистік мазмұндағы жазбалар жарияланған бір сағаттың ішінде өшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz порталына сілтеме жасаған silteme.kz.

Компания баспасөз қызметі экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жұмысында «Ислам мемлекеті», «әл-Каида» секілді халықаралық террористік ұйым атаулары жазылған постылардың 99 пайызын анықтайтын жасанды зейін тетігі іске қосылатынын хабарлады.

Айта кетсек, аталмыш тетік осы мазмұндағы жазбалардың 83%-ға дейінгі көшірмелерін де жояды.  ДАИШ пен әл-Каида ұйымдарына қатысы жоқ жазбаларды жүйе өздігінен өшірмейді.

Ұқсас сілтемелер